Ақпараттық технология саласындағы аудармалар

Жыл сайын әлеуеті артып келе жатқан жаңа технология өмірімізге етене араласып келе жатқаны рас. Соңғы жылдары қарқыны тіптен үдей түсті. Біздің алғашқы аудармаларымыз да дәл осы ақпараттық технология саласында болған еді. Сол уақыттан бері бұл сала – «Манкент» компаниясының сағасы кең салаларының бірі.

Әдетте бұл бірнеше беттен тұратын құжат емес, қажыр-қайратты талап ететін ауқымды жобалар. Ондай жобаларды міндетті түрде бірнеше маман орындауы керек. Сонымен қатар көптеген саладан хабардар болу керек. Сондықтан біз қысқа уақыт ішінде оңтайлы режимде жұмыс істеу процесін игеріп, оны жетілдіре түстік.

Microsoft, SAP сияқты ірі компаниялардан бастап, шағын тапсырыс берушілерге дейінгі IT компаниялар біздің сенімді серіктестерімізге айналды. Әрине, бұл да бағдарламалық жасақтамалардың барлық кезеңін жергіліктендіруді талап етеді.

Біздің мамандар арнайы саладағы мәтінді, анықтаманы, басқа да техникалық құжатты сауатты аударып қана қоймай, осы саладағы тәжірибелі мамандармен біріге талдау жасап, олармен кеңесіп және кем-кетігін тексеріп отырады.

IT саласындағы материалдардың техникалық бөлімімен қатар, маркетингілік құжаттар, жарнамалық материалдар, пресс-релиздер және т.б. болады. Олар да аударылып, мақсатты аудиторияға бейімделетін болады.

Ақпараттық материалдар бойынша өткізілетін іс-шаралардың кемеліне жеткен схемасы төмендегідей:

  1. Тапсырыс берушінің барлық материалдарымен мұқият танысып шығу, жұмыстың басты жоспарын құру.
  2. Жобаның барлық кезеңіндегі тапсырмалардың шешімін дайындау.
  3. Жобаның тақырыбын жетік білетін мамандардан жобалық ұжым құру. Оған аудармашылар, редакторлар, кеңесшілер кіреді.
  4. Күмән туғызатын сұрақтар пайда болғанда, тапсырыс берушімен кеңесеміз. Екі жақты келіссөздер барысында компаниямызда қалыптасқан арнайы терминдер мен стильдік формалар талқыға салынады.
  5. Жобада жұмыс істейтін мамандарды арнайы осы сала бойынша қосымша оқыту.

Себебі аударма мен жергіліктендіру процесінде оқушыға тиісті түрде жеткізуді талап ететін бірегей терминологиялар болады. Кейде жобадағы ақпаратты толыққанды дұрыс жеткізу үшін, тапсырыс берушімен кеңесуге тура келеді.

  • Аударма барысында стилистикалық мәтінде кездесетін қысқарған сөздер толықтай сәйкес келуі керек.
  • Аталмыш саланы бүге-шүгесіне дейін толық білетін мамандар ғана жұмысқа араласа алады. Кеңес берушілер мен редакторлар да сол саланы еркін меңгерген әрі сол салада жұмыс істейтін мамандар болуы қажет.
  • Жұмыс барысы тапсырыс берушімен келісілген техникалық тапсырмаға сай орындалады.

Тапсырыс берушіге жобаның аударылған толық нұсқасы тапсырылатын болады. Аталмыш жоба туралы ақпаратты басқа ешкімнің пайдалануына рұқсат етілмейді. «Манкент» аударма агенттігі мен оның серіктесі арасында қатаң құпиялылық сақталады.