Автокөлік өнеркәсібі

Бұл саладағы аудармалар бізді қатты қызықтырады. Бұл сала аударманың нақты болуымен қатар, сатып алушының қызығушылығын оятатын образдардың жасалуын талап етеді. «Манкент» компаниясы автокөлік өнеркәсібі өкілдерінің жаңа нарыққа шығып, онда аяғында нық тұруға, сатып алушылардың көңілінен шығуға көмектесуге әрқашан дайын.

Техникалық және маркетингілік құжаттарды толық аударамыз. Әртүрлі каталогтер, оқулықтар, техникалық сипаттамалар компанияның жаңа нарығына сәйкес аударылып, бейімделеді.

Аудармаға берілетін құжаттарды шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады.

  • Борт құжаттарының толық кешені;
  • Автокөлікті пайдалану және жол техникасы туралы нұсқаулықтар;
  • Қызмет көрсету кітапшалары;
  • Жөндеу және пайдалану жұмыстары жөніндегі техникалық материалдар;
  • Әртүрлі каталогтер, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жөніндегі нұсқаулықтар жинағы;
  • Қызмет көрсету құжаттары;
  • Нормативтік құжаттар;
  • Техникалық көмек көрсету анықтамалары;
  • Оқулықтар;
  • Маркетинг және жарнама өнімдері;
  • Басқа да құжаттар.

Бұл салада тәжірибеміздің мол болуы жылдам әрі сапалы еңбектің кепілі болмақ. Сондықтан келесі жолы да аударма жөнінде «Манкент» компаниясына жүгінетініңіз сөзсіз. Біз оны мақтанышпен айта аламыз.

Отандық өндіріске әрдайым қолдау көрсетіп, шетелдік инвесторларға да аударма бойынша өз қызметімізді ұсынуға дайынбыз.