Қызметтер

Қазіргі аударма нарығында өз қызметін ұсынатындар жетіп артылады. «Манкент» аударма агенттігінің шетелдік серіктестермен жұмыс істеуде тілдік тәжірибесі жоғары. Әсіресе көршілес елдердегі серіктестерімізбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Шет тілдердің аудармасын жасаумен қатар, оны тиісінше редакторлық өңдеуден өткізіп, мәтіннің мағынасы жағынан да, стильдік тұрғыдан да мінсіз болуын қадағалаймыз.

Мәтіннің ауқымдылығы немесе басқа да кері әсерін тигізетін жағдайлар компанияның басты қағидаларын бұза алмайды. Біз үшін әрбір тапсырыстың жөні бөлек, әрқайсысына жылдар бойы қалыптасқан әдіс-тәсілдер қолданылады. Егер тұтынушының аудармаға қатысты сұрақтары туындаса немесе қандай да бір көмекке мұқтаж болса, қол ұшын созып, мәселенің шешімін табамыз. Тапсырыс беруші қызмет көрсету сапасына риза болатыны сөзсіз.