Сайттардың аудармасы мен оларды жергіліктендіру

«Манкент» компаниясы сайт жасаушы көптеген компаниялармен біріге жұмыс істейді. Егер сайтта пайдаланылатын материалдар тек орыс тілді аудиторияға ғана пайдаланылмайтын болса, сайтты міндетті түрде жергіліктендіру керек.

Тұтынушылардың 50%-ы өздеріне қажетті ақпаратты тиісті тілде оқи алмағандықтан, тауарды сатып алудан бас тартып жатады. Бұл – бизнестің кез келген саласы үшін өте үлкен көрсеткіш. Бұл мәселенің өте қарапайым шешімі бар, сайтты тұтынушының тіліне аудару керек.

Бірақ тапсырыс берушілердің талғамы сан алуан екенін түсінген абзал. Кейбір тапсырыс берушілер сайттың ақпаратқа толы болғанын қалайды. Ал кейбірі ақпараттық графиктерге баса назар аударып, сайттағы мәтіннің барынша аз болуын қалайды. Таңдау көп болғанымен, клиенттің көңілінен шығатын нұсқаны табу керек.

Қазіргі таңда интернет сайт сіздің компанияңыз туралы, тіпті сіздің серіктестеріңіз туралы толық ақпарат береді. Сондықтан ол сауатты аударылуы қажет. Алғашқы сатыдан бастап жарқын үндеу тастайтын, компанияның қызығушылығын оятып, ынтымақтастыққа жетелейтін сайт болуы керек.

Тілі жалпақ, аудармасы қарапайым сайт өз тұтынушыларына жеткізгісі келген маңызды ақпаратты түсіндіре алмауы мүмкін. Оқушы берілген ақпаратты толықтай түсінуі үшін, аудармашы бар өнерін салуы керек. Сіздің айтқыңыз келген ақпарат сайтқа кірушілердің жүрегіне жетуі үшін, біз сізге көмектесуге әрқашан дайынбыз және төмендегідей қызметтерді ұсынамыз:

  • Әлемнің кез келген дерлік тіліне аудару;
  • Мазмұнды мақсатты нарыққа бейімдеу;
  • Көрнекі безендіруді, мультимедианы жергіліктендіру;
  • Сайттың тиісті аймақта дұрыс жұмыс істеп тұрғандығын тексеру;

Яғни, сайтыңызды жергіліктендіру жұмысын өз қолымызға аламыз. Сайт мазмұнының барлық тілдік, маркетингілік мазмұнын ескере отырып, толық аударамыз. Сонымен қатар, сұраулардың, навигациялық жүйенің, бағдарламалық кодтың аудармасы да жүргізіледі.

«Манкент» аударма агенттігінің қызметіне жүгіру арқылы сайттың аудармасына бір рет тапсырыс беріп, ынтымақтастығымызды ұзақ мерзімді етуге мүмкіндігіңіз бар. Ол интернет ресурс жаңарған сайын аудармасын да ілестіре жариялап отырғысы келетін компаниялар үшін тиімді болмақ, сіздің клиенттеріңіз компанияңыздағы жаңалықтардан үнемі хабардар болып отырады.

Бизнесіңізді қай салада жүргізіп жатқаныңыз маңызды емес. «Манкент» компаниясы сайттың аудармасы техникалық тұрғыдан да, маркетингілік тұрғыдан да дұрыс болуын толық қадағалайтын кәсіби мамандарды тағайындайтын болады.

Біздің компанияның қызметіне жүгінудің тағы бір дәйекті себебі бар. Біз ынтымағы жарасып, бірлікті ту еткен көп ұлтты Қазақстан елінде өмір сүреміз. Әртүрлі ұлт өкілдері бірлікті берекесі деп біледі. Елдің барлық аймақтарындағы іс-қағаздар мемлекеттік тілде жүргізіледі. Сонымен қатар тұрғындардың көпшілігіне түсікті ресми тіл бар. Тұрғындардың көпшілігіне түсінікті нақты ақпарат беретін толыққанды сайтты орыс тілінсіз жасау өте қиынға соғады. Сондықтан да болар, қазіргі таңда барлық дерлік компаниялар сайттарын екі тілде жасайды. Біздің қызметкерлер мұндай жағдайлармен етене таныс, бұндай тапсырмаларды мүлтіксіз орындайды.

«Манкент» компаниясы сайт жасау қызметтерін де ұсынатынын ескерткіміз келеді.