Тілдік консалтинг – аударма барысында сөздердің бір-бірімен үйлесім табуын, әдеби тұрғыда әдемі аударылуын талап ететін, тікелей аудармаға қатысы жоқ қызметтер. Оған терминологияның дұрыс қолданылуына, аударманың тілге жеңіл болуына, тілдік ережелерді зерттеуге және т.б. қатысты жұмыстарды жатқызуға болады.
Біз құжаттың терминологиясын аударып қана қоймай, тиісті тілдік ортада аударманың дұрыс қолданылуын қамтамасыз етеміз.
Тіл ережелерін зерттеу барысында сол тілді жетік меңгерген қайраткерлердің көмегімен ең дұрыс әрі жалпыға таныс терминдерді таңдау керек. Ол құжатты дұрыс әрі нақты түсінуге мүмкіндік береді. Ол әсіресе іскерлік құжаттарға қатысты.
Маркетингілік анализ қызметтері мәтінді ішінара немесе толықтай өзгертіп, оқығанда көзге тартымды болуы үшін көркем сөзбен көмкерілуі мүмкін. Жарнамалық материалдар «тікелей» аударылатын болса, тұтынушылардың мәтінді қабылдауында қиындықтар туындап, олар тиісті түрде әсер ала алмайды.
Адамзаттың дамуына байланысты, кез келген тіл де өзгеріске ұшырайтыны анық. Кейбір сөздер қолданыстан шығып жатса, ал кейбірі жаңа сөздерге ауысып жатады, осының барлығы аудармада көрініс табуы керек. Әсіресе ғылым, медицина, техника және басқа да нақты салаларда бұл үрдіс міндетті түрде сақталуы керек.
Одан бөлек, біз сауда белгілерін, түрлі атауларды тексеріп, олардың сәйкестілігі мен жұртшылыққа дұрыс жеткізілуін ескеріп отырамыз. Егер де ірі сауда белгісі жаңа нарықты бағындырғысы келсе, аудармада түрлі ыңғайсыз жағдайлардың орын алмауы үшін, тілдік консалтинг қызметіне міндетті түрде жүгінуі қажет. Мұндай тексерістер орындалмаған жағдайда, аталмыш аймақтағы сатылым көрсеткіші күрт түсіп қана қоймай, толықтай күйреуі мүмкін.
Тілдік консалтингіге тұлғаның білімін тексеруге бағытталған сынақтарды жатқызуға болады. Көптеген компаниялар белгілі бір тілді жетік меңгенген қызметкерді жұмысқа алғысы келеді, ондай қызметтерді де көрсетуге дайынбыз.