Автоматтық аударманың ерекшеліктері

Қазіргі таңда ірі аударма агенттігінің жұмысын заманауи технологиясыз елестету мүмкін емес. Аударма процесінің тиімділігін арттыру мақсатында «Манкент» компаниясы автоматтық аударудың арнайы бағдарламалық өнімдерін пайдаланады, олар нарықта САТ құралдары немесе САТ тулдары (ағылшынша, Computer Aided Translation – компьютер көмегімен аудару) деп аталады. Әрине, материалдар біздің тәжірибелі мамандарымыз тарапынан аударылып, редакторлық өңдеуден өтіп, қорытындылай тексеріледі, дегенмен арнайы автоматтандырылған құралдарды пайдалану арқылы бұл процестер жылдам әрі сапалы орындалады.

Бұл құралдардың барлық технологиялық қыр-сырына үңілместен аударма процесін таныстыруды жөн көріп отырмыз. Trados, SDLX, Transit сияқты САТ құралдары ұқсас аудармаларды автоматты түрде шығарып береді. САТ құралдары бірдей сөйлемдердің аудармасын автоматты түрде шығарып отырады. Ал сөйлемдер ұқсас болған жағдайда, аудармашы жеткіліксіз бөлігін өзі өңдейтін болады. Бағдарламаның «пул» деп аталатын ескі аудармалар сақталатын жады бар, ол мәтіндерді салыстырып, сәйкесітігін анықтап отырады. Аударманың автоматтандырылған құралдарының қысқаша жұмыс істеу тәртібі осындай.

Аудармаларды тексеруге арналған Xbench сияқты бағдарламалар да болады. Материал аударылғаннан кейін бұл бағдарламалар ондағы қателіктерді көрсетеді.

Сонымен, САТ құралдары:

  • Дерекқорындағы ұқсас немесе бірдей мәтіннің аудармасын автоматты түрде шығаратын «аударма жады» аударма барысында жұмсалатын уақыт пен шығынды айтарлықтай үнемдейді;
  • Тексеруге арналған бағдарламалар грамматикалық, орфографиялық, емле қателерін іздеу процесін жылдамдатады.
  • Бұндай құралдардың көмегімен, әсіресе ірі құжаттадағы аудармалардың бірізділігі сақталады. Ол тапсырыс беруші үшін өте маңызды.

Еуропада бұндай технологиялық жаңалықтар өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бері қолданылып келе жатқанымен, бізде жаңадан бастау алып келеді. «Манкент» компаниясы бұл саладағы жаңалықтардың барлығын жіті бақылауда ұстап, оларды өз жұмыстарына қолданып отырады.