Көп жағдайда біздің серіктестеріміз өз өнімдерін аударғаннан кейін, оны тираждайды. Бұл істе де сізге көмек көрсете аламыз. Штаттық қызметкерлеріміздің арасында тәжірибелі дизайнерлер жұмыс істейді, олар аударылып, редакторлық өңдеуден өткен файлды баспаға дайындап бере алады. Қажеттілік туындаған жағдайда, дайын өнімді басып шығару да бізге қиындық туғызбайды.
Жобаны «Манкент» компаниясына тапсырып, аударылған дайын өнімнің тиражын алуыңызға болады. Сонда біртұтас процесс қалыптасады:
- Аударма;
- Тексеріс;
- Беттеу;
- Талаптарға сай келтіру;
- Тиражды басып шығару.
Бұндай жұмыс циклі тапсырыс берушінің жобаны дайындауға кететін уақыты мен шығынын үнемдейді.
Басып шығарылатын өнімдерді беттеуден бөлек, аудио/бейне аудармаларды электрондық тасығыштарға тираждай аламыз. Ол полиграфиялық өнім мен DVD дискілерге тираждауды бір жерге тоғыстырған маркетингілік материалдарға қатысы.
Яғни, материалдарды аудару жұмыстарымен қатар, тапсырыс берушінің талабы бойынша аудармадан кейінгі жұмыстарды да қолға аламыз.