Бұл – аудармадағы ең қиын сала. Себебі жазбаша аудармадағыдай қолыңызда қажетті әдебиет, техникалық құрал болмайды, ұжымдағы әріптестеріңізден де көмек сұрай алмайсыз. Сондықтан да бұл салада тәжірибе үлкен рөл атқарады. Сан жылдық тәжірибесінің арқасында «Манкент» компаниясы бұндай тапсырмаларды оңай орындай алады.
Ауызша аударманы шартты түрде бірнеше негізгі бағытқа бөлуге болады:
- іс-шараларды ұйымдастыру;
- сөйлеушінің сөзін синхронды аудару;
- кезекті аударма;
- жеке аудармашы ұсыну;
- аудармашы-гид қызметі;
- телефон немесе скайп қоңырауы бойынша аудару;
Біз бұл саланың бірнеше санатын ғана атап өттік. Олардың ішіндегі ең күрделісі – ірі іс-шаралардағы аударма. Біздің тәжірибелі мамандарымыз бұндай қызметті де лайықты түрде орындап жүр.
Ауызша аудармамен айналысатын маман тілді жетік меңгеріп қана қоймай, көзі ашық, көкірегі ояу, есту қабілеті мен дикциясында мін жоқ маман болуы керек. Ол клиенттің айтқысы келетінін бірден түсініп, ақпаратты түсінікті болатындай жеткізе білуі керек.
Ауызша аударманың бір бөлігі ретінде аудио/бейне жазбалардың аудармасын да ұсынуға болады. Ол – өнердегі ауқымы кең салалардың бірі. Себебі фильмдегі кейіпкердің айтқан сөзін, халық даналығын аудару және оның мән-мағынасыз өзгеріссіз жеткізу үшін қиыннан қиыстыра білу керек. Кейбір клиенттер бейне материалдардың субтитрін аударуға тапсырыс береді. Аудио аударма жасау үшін дауысы мен дикциясы қойылған маман қажет болатын жағдайлар да аз емес. Бұндай аударма адамның мәдени тұрғыда дамуына қажет екені сөзсіз. Қазіргі таңда көптеген құжаттар ақпарат тасығыш дискілерге жазылады, мұрағат материалдары көптен кездеседі.
Мұрағаттар сауатты аударылумен қатар, ондағы ақпаратты қалпына келтіруді де қажет етеді. Ал ол – көп еңбек талап ететін жұмыс. Дегенмен қалпына келтірілген құжат көп нәрседен хабар беруі мүмкін.