Біздің компанияның іргетасы 2010 жылы қаланды. Осы уақыт аралығында әлемнің барлық дерлік тілінде аударма жасай алатын ірі компанияға айналды.
Қазіргі таңда Орта Азия мен Қазақстандағы аударма ісімен айналысатын ең ірі компаниялардың біріміз. Әлемнің негізгі тілдерін меңгерген жиырмадан астам тәжірибелі аудармашы штаттық режимде жұмыс істейді. Одан бөлек, штаттан тыс жұмыс істейтін қызметкерлеріміздің ірі базасы қалыптасқан. Сондықтан да қызметіміздің сапасына еш алаңдамаймыз.
«Манкент» компаниясы техникалық құжаттарды, әдеби шығармаларды аударады, нотариалдық түрде расталған, ауызша, жазбаша және кез келген аударма қызметін ұсынады.
Біз жеке тұлғалармен және заңды тұлғалармен жұмыс істейміз.
Корпоративтік клиенттермен жұмыс істеу ауқымы өте кең:
- ақпараттық технология;
- интерфейстік элементтер аудармасы;
- сайттардың аудармасы;
- жергіліктендіру;
- нұсқаулықтардың аудармасы;
- әртүрлі техника нұсқаулықтары;
- автомобиль құрастыру;
- мұнай-газ саласы;
- тамақ өнеркәсібі;
- ауылшаруашылық машиналары мен құрылғылары;
- құрылыс;
- телекоммуникация;
- жабдық нұсқаулықтары;
Біздің компания заманауи технологияларды пайдалана отырып, уақыт талабымен үндесе жұмыс істейді. Кез келген жобаның сапалы орындалуына барымызды саламыз. Біздің жұмысымыздың сапасына баға беріп, ынтымақтастығымыз жалғасатынына кәміл сенеміз.