Ірі жобалардың жазбаша аудармасы, әсіресе ақпараттық технология саласындағы аударма – жұмысымыздың негізгі әрі ауқымды бөлігі болып табылады. Бұл – үлкен қажыр-қайратты талап ететін біздің басты саламыз, бұл салада тек тілді білу жеткіліксіз.
Ұзақ мерзімді серіктестік құрамыз. Сондықтан бізбен істес болған компаниялар біздің жаңа серіктестерімізге бізді нық сеніммен ұсынып жатады.
Кез келген хат мұқият аударылады. Сонымен қатар әр тапсырыстың құпия түрде сақталуы біз үшін өте маңызды. Сондықтан хаттардың мазмұны тек хат алушыларға ғана мәлім болады.
«Манкент» компаниясы кез келген аудармада тілдік ережелер мен заманауи технологияларға қатысты білімін пайдаланып қана қоймай, жобада айтылған саланы тереңінен зерттеп, түсінуге тырысады.
Іскерлік хат алмасу құжаттарын жиі аударуға тура келеді. Ал бұл саланың өзіндік қағидалары мен ережелері қалыптасқан және олар уақыт өткен сайын еселеніп отырады. Кейде дұрыс аударылмаған бір сөз немесе сөз тіркесі серіктестер арасындағы қарым-қатынастың үзілуіне себеп болуы мүмкін. Әр елдің мәдениеті мен салт-санасындағы ерекшеліктерді де ұмытпаған жөн.
Техникалық аудармалар әдетте ауқымды жобалардан тұрады. Оларды орындағанда тексерудің және қорытынды өңдеудің барлық сатысы ескеріледі. Бұлардың барлығы келісілген мерзімнен кешіктірмей орындалады.
Сайттардың, нұсқаулықтардың, анықтамалардың аудармасын аса ыждаһаттылықпен орындаймыз. Бұл салада компанияның тәжірибесі мол.
Ал оқу-ағарту саласындағы аудармаларға ерекше назар аударамыз.
- ғылыми журналдардағы мақалалар
- анықтамалар
- оқулықтар
- диссертациялар
- нұсқаулықтар