Медицина және фармацевтика саласындағы аудармадар терең таным мен білімді талап етеді. Бұл салада арнайы терминдер мен атауларды көптеп кездестіреміз. Сондай-ақ бұл сала басқаларға қарағанда көп тілге аударылатынын естен шығармаған жөн. Аударманы әлемнің кез келген тілінде жасауға болады, бірақ медицина саласында бірде-бір халық қолданбайтын тағы бір біл қосылады, ол – латын тілі.
«Манкент» компаниясының медицина саласындағы тәжірибесі ұшан-теңіз. Әсіресе мына бағыттарда жұмыс істейміз:
- фармацевтика;
- арнайы медициналық жабдықтар;
- денсаулық сақтау;
- биотехнология;
- клиникалық және диагностикалық зерттеулер.
Медицина және оның салаларына, әсіресе фармацевтика саласына қатысты аудармаларда тілдік консалтингісіз жұмыс істеу мүмкін емес. Белгілі бір жағдайда дұрыс аударудың және керекті терминді пайдаланудың маңыздылығы өте жоғары. Басқа салалардағыдай біздің аудармашылар бұл кәсіби саланы да жетік меңгерген, дегенмен міндетті түрде тәжірибелі кеңесшілермен жұмыс істейді.
Бұл саладағы ветеринария тармағының да орны ерекше. Медицина саласындағы жобаларды аудару кезінде басшылыққа алатын басты ережелерді мұнда да ескеру керек.
Біз:
- клиникалық зерттеулер мен есептердің протоколдарын;
- зерттеулер жөніндегі құжаттарды;
- медициналық құралдардың сипаттамасын;
- әртүрлі есептерді;
- препараттар мен медициналық аппаратураны қолдану жөніндегі нұсқаулықтар мен қосымшаларды;
- анықтамалық материалдарды;
- медициналық карталарды, үзінді көшірмелерді, ауру тарихын;
- маркетингілік материалдарды аударамыз.
Бұл саладағы оқу материалдарын да ұмытпаған абзал. Мұндай аудармаларда сөйлемдердің стилистикалық тұрғыда дұрыс болуы, өз деңгейінде бейімделуі өте маңызды. Ол өнімді пайдаланатын аудиторияға түсінікті болуы керек.
Ондай аудармаларға:
- белгілі бір салаға арналған журналдар;
- оқулықтар, анықтамалар;
- диссертациялар, рефераттар, баяндамалар;
- медицина саласындағы жаңалықтар.
Аударылатын материал жайында білгеніміз көп болғандықтан, аудармамыздың сапалы болатыны анық. Серіктес компаниялар өз өнімдерін аудару мақсатында бізге талай хабарласты.