МАНКЕНТ

АУДАРМА АГЕНТТІГІ

Төмен бағалы жоғары сапа

Манкент Аударма Агенттігі

Қазақстан мен Орта Азия елдерінде аударма ісімен айналысатын ірі орталықтар көп емес, солардың бірі әрі бірегейі – «Манкент» компаниясы. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі серіктестеріміз біздің өзімізге артылған міндетті әрдайым УАҚЫТЫЛЫ, САПАЛЫ, ҚОЛЖЕТІМДІ БАҒАДА орындайтынымызды біледі.

Қазіргі таңда Қазақстан дүниежүзілік саясат сахнасы мен экономика саласында өзіндік орны бар, аяғына нық тұрған мемлекетке айналды. Оған елімізде өтіп жатқан ауқымды іс-шаралар дәлел бола алады. Қызығушылық арта түсуде. Сауатты әрі нақты түсініксіз жұмыс істеу мүмкін емес екені белгілі. Сондықтан да біз ұсынатын қызметтер үлкен сұранысқа ие.

Біз Microsoft Word 2007 анықтамасы мен SAP компаниясы құжаттамаларының негізгі бөлігін аудардық.

Біздің тұрақты әрі сенімді серіктестеріміз:

  • LG, Samsung, HP, Lumia, Acer, Canon сияқты тұрмыстық техника мен мобильдік құрылғылар өндірушілері;
  • Invivo, DePuy, Philips Healthcare, GE Healthcare, Olympus, Elekta сияқты медициналық препараттар пен техника өндірушілері;
  • John Deerе және Caterpillar Inc. сияқты ауылшаруашылық техникасы мен автокөлік өндірушілері және т.б.

Сонымен қатар көптеген заңды тұлғалармен жұмыс істейміз, кез келген аударма осы саламен байланысты.

«Манкент» компаниясы тілдік қарым мен қабілетті талап ететін, күрмеуі қиын шетелдік әдеби шығармаларды аударды. Біз техникалық және гуманитарлық бағыттағы кез келген жобаны қолға аламыз.

Әрине, тамырын кеңге жайып келе жатқан ұжым ретінде біз осы деңгейде шектеліп қалмаймыз. Сондықтан біздің мамандар өз саласы бойынша ғана емес, өзге салалар бойынша да өз білімі мен біліктілігін жетілдіріп, кемелдендіріп отырады. Біздің қызметкерлер мамандандырылған арнайы іс-шараларға қатысып, аударма саласындағы жаңа технологиямен танысады және оны іс жүзінде пайдаланады.

Біздің мамандар әлемнің барлық дерлік тілінде жұмыс істейді. Аударылған әрбір құжатты тәжірибелі редакторлар өңдеп, түзетеді. Аударма тапсырылмас бұрын, ол міндетті түрде қайта тексерістен өтеді.

"Манкент" компаниясы мына салаларда маманданған:

  • Жазбаша, ауызша аударманың барлық түрі;
  • Түрлі құжаттардың аудармасы;
  • Заңды тұлғаны тіркеуге кезіндегі көмек (орналастыру, заңды рәсімдеу т.б.)
  • Нотариалдық аударма;
  • Туризм;
  • Сайт жасау, оны аудару/жергіліктендіру;
  • Аудио/бейне материалдарды аудару;
  • Ауқымды әрі ұзақ мерзімді жобаларды аудару;
  • Тілдік консалтинг;
  • Беттеу;
  • Қазақстан және ТМД елдерінде серіктестеріміздің мүддесін қорғау;
  • Серіктестің атынан келіссөздер жүргізу;
  • Компанияның заңгерлері арқылы іскерлік құжаттарды дайындау;
  • Тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша: кездесулерге, жиналыстарға, басқа іс-шараларға қатысу;
  • Іскерлік құжаттарды дайындау;
  • Тапсырыс берушінің ағылшын тіліндегі маркетингілік материалдарын аудару, олармен жұмыс істеу;
  • Аударма қызметтері;
  • Серіктестің өкілдерін қабылдау, оларды жатын орынмен қамтамасыз ету, жұмыс істеуге қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету;
  • Басқа да қызметтер көрсетіледі.