«Манкент» аударма агенттігі негізінен техникалық аудармаларды орындағанымен, гуманитарлық тақырыптарды айналып өтпейді. Кез келген іс-шара заңдық, құқықтық және экономикалық құжаттамалар тарапынан қатаң бақыланып, қадағанып отыратыны белгілі. Біздің компания жобаның толықтай тілдік процестерін өз қолына алатындықтан, осы саладағы қосымша құжаттардың барлығын аударамыз.
Мұндай құжаттардағы кез келген қателіктің құқықтық салдары өте өрескел екенін түсінеміз. Тек қаржылық және құқықтық аудармалармен айналысатын бөлек бір топ бөлінеді, ондағы мамандар тек тіл қағидаларын ғана жақсы біліп қоймай, юриспруденциядың барлық қыр-сырын жетік меңгерген. Барлық құжаттама дүниежүзілік стандарттардың талаптарына сай болады.
Біз аударатын құжаттар:
- келісімшарттар мен келісімдер;
- лицензиялық келісімдер;
- инвестициялық және консалтингілік жобалар;
- әртүрлі есептер;
- сол сияқты басқа да құжаттар.
Бұндай тапсырыстармен жұмыс істегенде әртүрлі құралдарды, оның ішінде заманауи технологияларды пайдаланамыз. Құқықтық құжаттамалардың аудармасын жасағысы келетін серіктестеріміз бір типтегі аудармалардағы терминология мен стилистиканың бірізділігі сияқты артықшылықтарға ие болады.
Бұл бағыттың қаншалықты маңызға ие екенін ескере отырып, аударманың барлық кезеңінде жоба қосымша тексерістен өтеді. Аударманың бұл саласында қатаң құпиялылық сақталуы керектігі белгілі. «Манкент» аударма агенттігі бұл ережені міндетті түрде сақтайды.